Бұл қашан аяқталады? Бұл қашан аяқталады?
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Бұл қашан аяқталады?

41-ші аптада жүктілігіңіз ешқашан аяқталмайтын сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, статистикаға сәйкес, әйелдердің аз ғана бөлігі уақытында босанады екен. Негізінен көбіне уақытынан ертерек немесе кейінірек босанады. Бұл баланың қай күні ұрықтанғаны анық болмағандығына байланысты, тіпті, жайлы ұядан қашан шығатынын баланың өзі де шешуі мүмкін.

Жүктіліктің 41 аптасында ана қандай сезімде болады?

Әйелдер бұл кезде сабырлы болу қиынға соғатынын айтады, өйткені уақытты күтіп жүргенде алдағы бір сағатқа да алдын ала жоспар құра алмайсыз.

Көбірек демалуға тырысыңыз, өйткені жүктілік – бұл қиын жұмыс, сондықтан сіз оны 9 айдан астам уақыт демалыссыз атқарып келесіз!

Осы аптада бала туралы ерекше түстер көруіңіз мүмкін. Немесе шаршап жатып, одан бетер шаршап оянуыңыз мүмкін. Уақытынан асып кеткен жүктілік кезінде шаршаған организміңіз әртүрлі тосынсыйлар дайындауы мүмкін.

Бұл аптада не істеу керек?

  • Егер күшіңіздің сарқылып жатқанын сезсеңіз, ұзақ серуендеуге шығыңыз. Бұл баланың басының жатыр мойнына қысымын арттыруға көмектеседі, сондықтан босану әрекеті басталуы мүмкін.

Уайымдамаңыз және өміріңіздегі ең маңызды кездесудің күтіп тұрғанын біліңіз. Үлкен жұмыс бастамаңыз, жиі-жиі демалыңыз.

EmptyView