Құттықтаймыз, сіз жүктісіз! Құттықтаймыз, сіз жүктісіз!
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Құттықтаймыз, сіз жүктісіз!

Бірақ қанша апта болғанын қалай білуге болады? Бұл мәселені анықтаған кезде шатасып кетуге болады. Себебі, гинекологтар дәстүрлі түрде апта бойынша санайды, орташа жүктілік 40 аптаға со-зылады. Апталарға бөлу дәрігерлерге құрсақтағы баланың дамуын дәлірек бақылауға мүмкіндік береді.

Триместрлер

Жүктілік әдетте, триместрлерге бөлінеді, әрқайсысының ұзақтығы 12 апта. Себебі әр триместрде баланың да, болашақ ана жағдайының да даму кезеңдері әртүрлі болады.

Жүктілік қанша аптаға созылады?

Жүкті болу мәселесі артта қалған кезде, болашақ ата-ананы баланың туылатын күні мазалайды. Дәстүр бойынша былай санайды, соңғы етеккірдің бірінші күні + 7 күн + 9 ай.

Әрине, бұл әр әйелдің цикл ерекшеліктеріне байланысты өте орташа есеп екенін есте сақтаған жөн. Бірақ мұндай есеп сәбидің нақты туы-латын күнін анықтауға ғана емес, сонымен қатар ана құрсақтағы нәре-стенің триместрлер бойынша дамуының болжамды көрсеткіштерін болжауға және анықтауға көмектеседі.

Қалыпты жүктілік расында да, 40 аптаға созыла ма?

Зерттеулер шамамен 40 апта деп көрсетеді. Дені сау сәбилер соңғы етеккір басталған сәттен бастап 38-42 апта аралығында туылады.

EmptyView