Баланың дамуы Баланың дамуы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың дамуы

Осы аптада балаңыздың салмағы шамамен 1,8 кг және бойы шамамен 50 см. Ол салмақтың көп бөлігін соңғы бірнеше апта ішінде қосады – осы күннен бастап 35-ші аптаға дейін шамамен 250 г.

Балаңыз белсенді қимылдайды, жұтынады, қолын қимылдатады, қылық көрсетіп, бұртияды. Ол тіпті басын жан-жаққа шайқап, көзін ашып-жұма алады.

Қазір бала жатырдағы бар кеңістікті пайдаланып, оны толық жайлап алған. Сіздің жүйке жүйеңіз әр қимылға назар аударады, сондықтан әлдебіреу «серуенге шыққанда» оны өте жақсы сезесіз.

Сәбидің күні бойы белгілі бір кесте бойынша демалатын және белсенділік танытатын кездері болады. Кейбір әйелдер мынаны байқайды: олардың төсекке жатқан кезін бала «жаттығуды» бастаудың белгісіндей көреді. Бірақ төсекте жатқанда алаңдататын факторлар азайып, жүкті әйелдер баланың қозғалысын жақсырақ байқайтыны да содан болуы мүмкін.

Баланың терісі бұрынғыдай мөлдір емес және сәбидің мінсіз терісіне көбірек ұқсайды. Тері астында май жасушалары көптеп жиналып, сүйкімді қатпарлар қалыптасады.

Сәбидің сүйегі қатайып, кальцийлене бастайды. Бұл жүктіліктің осы кезеңінде рационыңыздың өте маңызды екенін білдіреді. Сіз күн сайын кальцийге бай 3–4 өнімді тұтынуыңыз қажет: сүт, ірімшік, йогурт, бадам, сүйегі бар балық, көк жапырақты көкөністер. Егер сиыр сүтін қабылдай алмасаңыз, кальциймен байытылған соя сүт өнімдеріне ауысыңыз.

EmptyView