Баланың осы аптадағы дамуы Баланың осы аптадағы дамуы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың осы аптадағы дамуы

  • Осы аптада сәбиіңіздің салмағы шамамен 1,4 кг. Бұл оның туған кездегі салмағының жартысы ғана. Оның терісінің астына әлі де май тіні жиналып жатыр, және де бала қазір туатын болса, онда ол өте арық , қол-аяғы ұзын болып көрінер еді.
  • Баланың қимылдау жиілігі арта бастаған сияқты. Баланың бөксесі жатыр ішінде бекітілгенше бүкіл денесімен қозғалуға әлі де орын жеткілікті.
  • Сәбидің тыныс алу жолдары дамуын жалғастырып жатыр, кішкентай ағаш тәрізді құрылымдар қалыптасады – бронхиолалар мен альвеолалар саны өсіп жатыр. Бірақ бұл бастамасы ғана – баланың тыныс алу жүйесі сегіз жасқа дейін қалыптасатын болады.
  • Апта сайын баланың мерзімінен бұрын босану жағдайында тірі қалу мүмкіндіктері артып келеді. Егер ол осы аптада туса, онда тыныс алу аппаратының қажеті жоқ болуы мүмкін.
  • Осы аптада акушерге немесе дәрігерге баланың қалай жатқанын анықтау қиынға соғуы мүмкін. Баланың басын бөксесімен оңай шатастырып алуға болады, ал сәби көп қимылдауы мүмкін.
  • EmptyView