Балаңыздың сөйлеуін дамытуға көмектесетін 5 әдіс
Балаңыздың сөйлеуін дамытуға көмектесетін 5 әдіс.
Ең жақсы әдіс – қарым-қатынас үшін барынша жағдай жасау. Баланың тезірек сөйлеуіне көмектесетін бес аса маңызды мәселе.
Сөйлесіңіз
Баламен бірге болған кезде үнемі сөйлесіңіз.
Қолыңызға ұстаған немесе балаңызға беретін заттардың атын атаңыз: «Бұл – доп. Бұл – көлік».
Не істеп жатқаныңызды сипаттаңыз: «Қазір шалбар киеміз. Ал енді күртешені киеміз де, серуендеуге шығамыз!»
Айналада не болып жатқанын түсіндіріңіз: «У-у-у, анау көліктің дауысы қатты шығады екен!», «Қарқ-қарқ! Бұл қарғаның қарқылы», «Анаңның телефоны шырылдап жатыр».
Сұрақтар қойыңыз: «Әкеңнің бізді қалай шақырғанын естідің бе? Оған қарай жүгірейік!», «Қояның шаршаған шығар, иә? Оның төсекке жатқысы келіп тұр ма?»
Дауыстап оқыңыз
Кітаптарды оқу кезінде суреттерді көрсетіп, онда не бейнеленгенін түсіндіруді ұмытпаңыз. Мұның бәрі баланың сөйлеуді дамытуға деген қызығушылығын ынталандырады, сөздік қорын кеңейтеді және әртүрлі заттар, әрекеттер, құбылыстар, қасиеттер арасында логикалық байланыс орнатады.
Дұрыс үйретіңіз
Баланың санасына сөздердің жеңілдетілген түрлерін орнықтырмаңыз. Егер бала мысықты «мыс» деп атайтын болса, оны түсінгеніңізді растаңыз, «иә, бұл мысық"деп дұрыс айтыңыз. Әрине, мұндай сөздерді өзіңіз ойлап таппаңыз.
Мұқият тыңдаңыз
Әңгімелеріне риза болыңыз: қызығушылық танытыңыз, көзіне қараңыз. Баланың сізбен айналада болып жатқан оқиғалар туралы сөйлескісі келетіндей қызығушылық танытыңыз. Бұл оған көбірек сөздерді қолдануға және оларды күрделі сөйлемдерге қосуға ынталандырады.
Марапаттаңыз және мақтаңыз
Оған сөздеріңізді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Алдымен баланың сөздері түсініксіз болады, бірақ бала есейген сайын сөздеріңізді дәл қайталайды. Бұл сөйлемдерді мағыналы етіп құруға негіз болады. Кішкентай жетістіктер үшін мақтауды ұмытпаңыз.