Әр сәтті бағалаңыз
Бала бір жасқа дейін көзді ашып-жұмғанша өсіп-жетіледі. Әр сәтті бағалап, ештеңені жіберіп алмаған маңызды. Баланың осы жасқа дейін не үйренгеніне шолу жасап көрелік.
Бала дамуының сегізінші айы белсенді тіс шығу кезеңімен сипатталады. Тіс шыққан кезде тістің қышуы мен ауырсынуы балаға ыңғайсыздық тудырады, ал ата-аналар бүлдіршіндері үшін уайымдайды. Бала жағымсыз сезімнен арылу үшін бәрін аузына салады. Бұл кезеңді жеңілдетуге арналған салқындатқыш әсері бар резеңке сияқты түрлі тіс қышитын ойыншықтар бар. Ең бастысы – оларды ғана емес, баланың аузына салатын заттардың бәрін жиі-жиі жуып тұрыңыз.
Айтпақшы, балаға қатты алма, сәбіз, ойық тоқаш, печенье бөліктерін шайнауға беруге болады.
Енді балаңыз өздігінен отыра алады және сенімді отырады.
Ол бауырымен еңбектей алады. Сондықтан баланы жаялыққа орайтын үстелде немесе диванда қараусыз қалдырмаңыз, ол биіктен оңай құлап кетуі мүмкін.
8 айға толған сәби бір нәрседен ұстап, белгісіз әлемді зерттеп, танып, қаз-қаз тұра алады. Ол заттарды қызығушылықпен зерттейді: айналдырады, бұрайды, тістеп көреді, бөлшектеуге тырысады, таңданғанын және сақтығын ым-ишара арқылы білдіреді.
«Алақай-алақай» деген саусақ ойындарын қуана ойнайды. Белсенді ойындарға көбірек уақыт бөліңіз.
Тұрақты жаттығу кезінде баланың өзі көзі, құлағы, мұрны, қолының қайда екенін көрсете алады.
Балаңыз қазір музыканы қуана қабылдайды, тіпті, өздігінше билей алады. Оның эмоциялар диапазоны кеңейіп келеді, оның наразылығын, таңданысын, қуанғаны, таңғалғанын, табандылығын байқаған да шығарсыз.
Сондай-ақ ол «му», «ма», «ав» сияқты қарапайым буындарды қайталай алады, ал оның сөздік қоры «ана-әке-апа-бер-жоқ» деген сөздермен толыға түсті.
Қазір баланы ерекше қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен және эмоционалды жылулықпен қамтамасыз етіңіз, оның қажеттіліктеріне мұқият болыңыз. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, нәресте кезінде жылулық пен еркелікті көп мөлшерде алатын балалар есейген кезде стреске әлдеқайда төзімді болып келеді екен.