Ата-ананың ұйқысыз түндері Ата-ананың ұйқысыз түндері
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Ата-ананың ұйқысыз түндері

«Ұйқысыз түндер» және «ата-ана» сөздері өзара өте тығыз байланысты. Мына фактіні жете түсініп, қабылдаңыз: нәрестенің немесе тіпті бір жастағы баланың ата-анасы кейде ұйқысы қанбай жүреді. Кейбіреулері жиірек, кейбіреулері сирек, ал енді біреулері жылдар бойы ұйқысын қандырмайды. Егер сіз ата-аналардың соңғы санатына жатсаңыз, онда сізге «ұйқы» тоннелінің соңындағы жарықты көру қиынға соғар, бірақ ұйқысыз түндер проблемасын жеңіп шығудың тиімді әдістері бар.

Ұйқысыз түндер мен ата-аналар

Мамандандырылған әдебиеттен «әдеттегі» баланың шамамен күніне он алты жарым сағат ұйықтайтынын білетін боларсыз. Бұл орташа арифметикалық көрсеткіш, ол бала ұйқысының белгіленген ұзақтығының ең аз (9 сағат) және ең көп (21 сағат) көрсеткішін есепке алады. Әр бала өзінше ерекше екенін түсіну қажет, сондықтан тұрақты ұйқы циклін дамыту уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Балаңыздың түнде ұйықтамайтынына өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ.

Ата-ананың ұйқысыз түндері Ата-ананың ұйқысыз түндері

Ұйқысыз түндер проблемасынан шығу

Көптеген ата-ана үшін ұйқысыз түндер – нағыз азап. Баланы тез тыныштандырып, түні бойы ұйықтатып қоюға көмектесетін нақты бір әдістер жоқ. Сәбидің қажеттіліктерін сізден артық ешкім де жақсы түсіне алмайды. Бұл сіздің артықшылығыңыз – балаңызды тыныштандырудың оңтайлы әдісін тауып алыңыз. Ұйқысыз түндер проблемасын шешу үшін тәжірибе жасау мен ережелерді ауыстырудан қорықпаңыз. Бірнеше пайдалы кеңестерге құлақ асыңыз:

  • Асықпаңыз. Егер сіз тыныштандырудың жаңа стратегияларын қолданып көрсеңіз, оларды тым жылдам ауыстырмаңыз, әрқайсысына бірнеше күннен бөліңіз. Бұл шатасып қалудың алдын алуға көмектесіп, сіз жасап жатқан нәрсе жұмыс істейді ме, жоқ па және оның қаншалықты тиімді екенін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

  • Көмек сұраудан қорықпаңыз. Қолдау көрсетудің кез келген оңтайлы ұсынысын қабыл алыңыз. Душ қабылдағанда немесе тамақтанғанда біреуден баланы ұстай тұруды сұрасаңыз, сіз өз өміріңізді айтарлықтай жеңілдете аласыз.

  • Өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандырыңыз: күн сайын душ қабылдаңыз, киіміңізді ауыстырыңыз, үйреншікті тағамды жеңіз, көп мөлшерде кофеин тұтынбаңыз және көбірек су ішіңіз – осының бәрі өзіңізді жақсырақ сезінуге көмектеседі.

  • Өз түйсігіңізге сеніңіз. Егер балаңызға бірнәрсе болды деп ойласаңыз, онда дәрігерге қаралыңыз. Сәби туған соң алғашқы күндері кәсіби қолдау алып, туындауы мүмкін көптеген проблемалармен жалғыз қалып қоймау өте маңызды.

  • Үйден шығып тұрыңыз. Сіздің шаршағандығыңыз соншалықты, серуендеуді тіпті ойлағыңыз да келмейтін кездеріңіз болады. Бірақ сенсеңіз, жағдайды өзгертсеңіз, ол сізге тек пайдасын алып келеді.

Баланың ұйқысы келгенінің белгілері:

  • бет әлпетінің өзгеруі – әдеттегіден тыжыраюға дейін;

  • түнеріп, бейшара кейіпке енуі;

  • бөлекше қарау немесе кеңістікке қадала қарау;

  • қолдары мен аяқтарын кенеттен қаты қозғалту;

  • жұдырығын қысып алу;

  • көзі мен құлақтарын уқалау;

  • есінеу;

  • жылау, әбігерлену, мазасыздық – бұлар ең соңғы белгілері.

Ұйықтау үшін балаға не қажет?

Нәрестелердің көбі қалай ұйықтау керектігін білмейді. Оларды осыған үйрету керек. Алғашқы айларда жеке ұйқы сызбасын жасап алуыңыз қажет, кейіннен ол әдетке айналып кетеді.

«Ұйқы рәсімін» дағдыландыру үшін мамандар келесіні жасауға кеңес береді.

Күндіз, бала оянғанда, оны тамақтандырыңыз, сосын барып ойнауға отырғызыңыз. Алғашқы шаршау белгілері пайда болғанға дейінгі ойнау ұзақтығы баланың жасына байланысты. Шаршау белгілерін уақтылы танып, тыныштандыру әдістемелерін енгізе отырып, оларға жауап беріп үйренген маңызды. Кешкісін, тамақтандырған соң, ойын уақытын шомылдырумен ауыстырыңыз. Балалар лосьонын пайдаланып масаж жасасаңыз, бой жазуға мүмкіндік береді. Бала ұйықтар алдында шамадан тыс белсенді болмауы тиіс. Бала неғұрлым ұзақ ұйықтай жүрсе, соғұрлым көбірек шаршап, тез ұйықтап қалады деп ойламаңыз. Шын мәнінде әбден қалжыраған баланы жұбату әлдеқайда қиын.

Балаға ұйықтау үшін жайлы киім кигізіп қойыңыз. Төсек жайманың тазалығын тексеріңіз, сенім артуға болатын жөргекті таңдаңыз. Балалардың көбі қараңғы, жақсы желдетілген бөлмеде жақсы ұйықтайды.

Ұйықтату мен жұбату әдістері

ЖөргектеуB

Ата-аналардың көбі жөргектеуді өте пайдалы деп санайды. Муслин немесе жеңіл мақта мата – нәрестеге керегі осы. Үлкенірек немесе белсендірек балалар үшін мақта көрпе болады. Ыстық күнде баланы ыстықтатпаңыз – ұйықтайтын кезде оны жеңіл киіндіріңіз.

Қолға алып тыныштандыру

Сәбилер көбінесе өздерін емізіп жатқанда немесе құшақтап отырғанда ұйықтап қалады. Әдетте, ата-аналар баланы осылай тыныштандыру тәсіліне еш қарсы емес. Сәбилерге жылу мен ата-анасының құшағы өте қажет, сондықтан көп жағдайларда олар соны сұрап жылайды. Баланың қандай себеппен жылап жатқанын танып үйрену үшін сізге бірнеше апта қажет: шаршағаны ма, қарны ашқаны ма немесе қолға алып әлдилегенді сұрағаны ма. Байқампаз болыңыз!

Баланы сипалау, «шшшш» деген дыбыс, бесігін тербету, музыка немесе бесік жыры оны тыныштандыруға көмектеседі.

Сәбилер өздігінен тыныштала алмайды, сондықтан белгілі бір уақытқа дейін ата-анасының көмегіне мұқтаж болады. Баланы ұйықтау үшін оны құшақтау жеткілікті болатын сәттерден рахат алыңыз.

Қолға алып тыныштандыру

Ата-анасының құшағында ұйықтауды әдетке айналдырған балалар үшін бұл жақсы әдіс, бірақ ата-анасы балалар өз төсегінде жатып ұйықтағанын қалайды. Баланы таза, құрғақ, жайлы төсекке жатқызып, ақырындап қолыңызбен әлдилеңіз. Тербеу, сипалау немесе баланы әлдилеу арқылы сіз оны тыныштандырасыз.

Жайлы тыныштандыру

Үлкенірек баланы ұйықтатып жатсаңыз, ол ұйықтағанға дейін бөлмеден шығып көріңіз. Оған өз бетімен төсекте жайланып жатуға мүмкіндік беріңіз.

Егер сәби жылап жатса, оның жанына барып, жұбатыңыз. Оның не себептен жылап жатқанын түсініп көріңіз. Есіңізде болсын: шаршаған баланың барлық қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда ғана оның өздігінен ұйықтауына мүмкіндік беруге болады.

EmptyView