Баланың дамуы Баланың дамуы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың дамуы

Жүктіліктің 40-шы аптасына жетуіңізбен құттықтаймыз! Осы мерзімге жетемін бе, жетпеймін бе деп талай ойлаған боларсыз, сондықтан бұны жеке жетістігім деп санаңыз.

Жүктіліктен әбден жалыққан боларсыз және бәрі тезірек аяқталғанын қалайтын шығарсыз. Сіз өзіңізді жайсыз сезінесіз, сізге күш пен энергия жетіспейді. Сізге бір нәрсеге ұзақ зейін қойып отыру мен бір нәрсені жоспарлау қиын. Бүкіл өміріңізді үзіліске қойып қойғандай көрінетін сияқты.

Швабра мен шелек қайда?

Алайда, әйелдің бәрі бірдей жүктіліктің 40-шы аптасын лайықты демалысқа себеп деп санамайды. Кейбіреулері үйдің әр бұрышын жанын салып тазалай бастайды. Жұбайлары осы процесті тек таңдана бақылайтын болады. Бірақ «ұялау» феномені жақсы белгілі және нәресте үшін таза әрі қауіпсіз ортаны ұйымдастыру тұрғысынан жақсы белгілі және мәні бар.

Осы аптадағы дене өзгерістері

  • Осы аптада Брэкстон-Хикс толғағы байқалады, ол жатыр мен балаға оттегімен қаныққан қанның құйылуына мүмкіндік береді. Кейде ол айтарлықтай күшті, бірақ егер қатты ауырмаса және тұрақты болмаса, уайымдамаңыз. Егер толғақ мазаңызды алса, жылы душ қабылдау немесе дене қалпын өзгерту әдетте толғақты жеңілдетуге көмектеседі.

  • Егер бала жамбасқа түссе, денеңіздің пішіні өзгереді және адамдар сіздің «кішірейіп» қалғаныңызды байқауы мүмкін. Тыныс алу сәл жеңілдеп қалды, бірақ қуыққа түсетін қысым көбейді, сондықтан осы аптада дәретханаға бұрынғыдан да жиі баратын боласыз.

  • Егер кенеттен қынаптан сұйықтық ағып кетсе, аралығы шамамен 15 минут болатын жүйелі ауырып келетін жатырдың жиырылуы басталса немесе беліңіздің төменгі жағы үнемі тартып ауыратын болса, акушермен немесе дәрігермен кеңесіңіз. Осының бәрі ерте босанудың белгілері болуы мүмкін.

  • Осы аптада жамбасыңыздың қатты ауырлағанын сезетін боласыз. Балаңызды, әсіресе тұрып тұрғанда, ішіңізде ұзақ ұстап тұра алмайтындай сезім туындайды. Сіздің жамбас бұлшықеттеріңіз жатырдың ауыр салмағын ұстап тұрып, шамадан тыс жұмыс істейді. Оларға жақсылық жасаңыз – мүмкіндік бола қалса, отырыңыз. Енді ешкімге ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ – сіз жүктіліктің 40-шы аптасындасыз, енді тек күту қалды.

  • Ішіңіздің терісі барабан сияқты керіліп тұр. Кіндікті сыртқа айналдырып шығарып қойғандай шошайып тұр, ал созылған жерлер ашық қызыл немесе күлгін түске ие болды. Ішіңіз бұдан артық созылады дегенді елестетудің өзі қиын, бірақ егер баланы мерзімінен артық көтерсеңіз, ол бәрібір соны жасайды.

Осы аптадағы эмоциялық өзгерістер

  • Сіздің көңіл-күйіңіз жақсы шығар. Сіз осы аптаны сонша күттіңіз, егер ештеңе болмаса, көңіліңіз қалып қояды. Туыстарыңыз бен достарыңыз сіздің босанған-босанбағаныңызды білу үшін қоңырау шалып жүр. Үнемі бір нәрсені қайталай берген сізді жалықтырып жіберген шығар, сондықтан сыпайы ғана мазаңызды алмауын сұраңыз, бірақ егер бірдеңе өзгерсе, хабарлауға уәде беріңіз.

  • Сіздің бойыңызды бір уақытта үрей, қызу мен шыдамсыздық билеп алғандай сезінесіз. Осы апта эмоцияларға толы және олар сіздің бойыңызды билеп алуы мүмкін. Егер босану кезіндегі ауруға шыдай алмаймын деп қорықсаңыз, оны жеңілдетудің әдістері туралы барлығын оқып шығыңыз. Осы жайында акушермен немесе дәрігермен сөйлесіңіз және таңдап алған іс-шараны өзіңіздің босану жоспарыңызға кіргізіңіз.

Баланың осы аптадағы өзгерістері

  • Сіздің шыдамыңыз таусылуға жақын қалғанымен, баланы мерзімінен артық көтеріп жүрген жоқ сияқтысыз. Бірақ оған жатырда өте тар және жақын уақытта ол дүниеге келеді. Балаңыздың дене құрылымы мінсіз, сондықтан босанғаннан кейін оның ішіңізге қалай сыйғанына таңқалатын боласыз. Туғаннан кейінгі алғашқы күндері сәби бүкіл жүктілік кезіндегі іште жатқан қалпында жатуға тырысатын болады.

  • Акушер немесе дәрігер баланың қимылы жайында, оның қаншалықты белсенді екенін және оның режимінде қандай да бір өзгерісті байқадыңыз ба, жоқ па, соны сұрайды. Олар тіпті жазба жазып жүруіңізді сұрайды, сіз оны келесі қабылдауға алып келуіңіз қажет болады. Осы аптада сізге КТГ (кардиотокограф) қажет болуы мүмкін, ол баланың жүрек қағысы мен жатырдың бұлшықет белсендігін бақылайды. Бұл дәрігерге баланың жағдайы туралы маңызды ақпарат береді.

Осы аптада қажет кеңестер

  • Аурухана сөмкесін жинауды кейінге қалдырмаңыз. Қажетті ұсақ-түйектерді соңғы сәтте жанталаса іздеуден күйзеліске ұшырап қалуыңыз мүмкін. Егер табиғи жолмен тууды жоспарласаңыз, ауруханада 3 күннен артық жатпайсыз, сондықтан көп зат алмаңыз.

  • Егер жүктілік төзгісіз ауыртпалыққа айналып, босануды ынталандырғыңыз келсе, оны дәрігермен талқылаңыз. Ынталандыру әдістерін таңдау – көптеген факторларды ескеруі тиіс жеке шешім. Есіңізде болсын: босануды жасанды ынталандыру жағдайында медициналық араласу мен босану кезіндегі асқынулар қаупі айтарлықтай артады.

EmptyView