Баланың дамуы: музыка Баланың дамуы: музыка
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың дамуы: музыка

Құрсақтағы баланың дамуына музыка тыңдау көмектесетіні туралы қарама-қайшы пікірлер бар болса да, жаңа зерттеу балалардың туғаннан соң ең кемінде бір жылдан кейін анасының құрсағында жатқанда тыңдаған әуенді танып, сол музыканы ұнататынын көрсетті. Бұл баланың дамып келе жатқан миы естеліктерді сақтап, ұзақ кезеңнен кейін оларды есіне түсіре алатынын көрсетеді, сондай-ақ аналарға музыканы екі жақты қуанышпен тыңдай отырып, балаларымен байланыс орнатудың керемет мүмкіндігін береді.

Лестер Университетінің зерттеушілері бір жасар сәбилердің туғанға дейін үш ай бұрын естіген музыканы танитындарын анықтады. Университеттегі музыканы зерттеу тобының докторы Александра Лемонт былай дейді: «Біз анасының құрсағындағы ұрық біткеннен кейін тек 20 аптадан соң толық ести алатынын білеміз. Енді біз балалардың туғаннан соң 12 айдан кейін жатырда естіген музыканы естерінде сақтап, соны ұнататынын анықтадық».

Зерттеу үшін аналар музыканы өз талғамдарына қарай – классикалық музыкадан реггиге дейін таңдады. Тестілеу кезінде 12 айлық сәбилерді көбінесе аналарының жүкті кездерінде қойған композициялары қызықтырды. Доктор Лемонт белгілі бір стильдегі музыканы тыңдау мен интеллект деңгейінің арасында дәлелді өзара байланыстың жоғына да ерекше көңіл аударды.

Музыканың тыныштандыратын әсері бар деген факті гипербелсенді балалары бар барлық аналарға, сондай-ақ сәбилерімен уақытын жайбарақат өткізгісі келетін әкелерге көмектесуі тиіс. Ата-ананың баламен бірге музыканы рақаттана тыңдай алатыны өзіңе мүлдем уақыт жетпеген кезде қосымша артықшылық болады.

Бұл құрсақта жатқан баланы ынталандыруға құштар ата-аналар үшін бала дүниге келгенше, жалпы музыкалық талғамы қалыптасқанша сәбимен қарым-қатынас жасау үшін музыканы пайдалану әдісі қызығушылық тудыруы мүмкін дегенді білдіреді. Бұл ретте педиатрлар әртүрлі музыканы пайдалануды ұсынады. «Музыка стильдерінің алуан түрлі болғаны маңызды және баланың болашақта жазу, оқу және сөйлеу дағдылары үшін пайдалы болуы мүмкін», – дейді доктор Филипп А. Нью-Йорк университетінің медицина факультетінің психиатрия және мінез-құлық нейробиология кафедрасының доценті, бас нейропсихолог және Нью-Йорк университетінің Ми зерттеу зертханасының нейротерапия кафедрасының басшысы Де Фина.

Назар аударыңыз: егер сіз құлаққапты ішіңізге қойсаңыз, сеанстың ұзақтығы күніне 60 минуттан аспауы тиіс. Қағанақ сұйықтығы тиімді өткізгіш болып табылады, сондықтан музыканың дыбыс қаттылығы тым жоғары болмауын қадағалаңыз.

Музыкаға әуестендіру – ана мен бала арасындағы байланысты орнатудың керемет тәсілі. Музыканың бесік жыры сияқты түрі біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Баланы жатырда жатқан кезінен-ақ музыкаға үйрету арқылы сіз онымен өзіңізге ұнайтын музыканы бөлісіп қана қоймайсыз, сондай-ақ музыканы екеуіңізге ортақ жағымды күй кешуге негізделген қарым-қатынас әдісі ретінде пайдалану мүмкіндігін бересіз.

EmptyView