Алғашқы жүзуге арналған кеңестер Алғашқы жүзуге арналған кеңестер
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Алғашқы жүзуге арналған кеңестер

Суда балалар салмақсыз және құлап кетуден қорықпай қол-аяқтарын еркін қозғалта алады. Жүзу кішкентайлар үшін өте жақсы, өйткені олар әлі сезінбеген еркіндікке ие болады.

Бүлдіршініңізге ерте жастан, тіпті, 6 айынан бастап жүзудің кейбір қыр-сырын үйрете аласыз. Қорықпаңыз, балаңыздың жадын жай ғана жаңартып алу керек, өйткені ол ананың құрсағында 9 ай бойы шарана сұйықтығында өмір сүрген жоқ па, демек түйсіктік дағдыларға ие.

Жүзудің қыр-сырын үйрету

Балаңызға үйрете алатын алғашқы дағды –суда өзін сенімді және еркін сезіну. Бұл кез келген жүзу бағдарламасы үшін бастапқы нүкте болмақ. Мұны бассейнге бармас бұрын бастай аласыз, баланы ваннадағы суда шалпылдатып үйретіңіз. Кішкентайыңыз суға бойын үйретіп алғаннан кейін, басын суға батыруға итермелеп көріңіз (егер мұндай әрекет үшін ер жеткен болса).

Бұл сәт ерте жүзуді үйрену процесінде шешуші сәт болмақ. Егер балаңызға басын суға батыру ұнаса, оған көпіршіктерді қалай шығару болатындығын көрсетуіңіз керек. Бұл судың баланың мұрны мен аузына тиіп кетуіне жол бермейді. Көпіршіктерді қалай шығаруға болатындығын мысалмен көрсетіңіз: терең дем алыңыз, бетіңіздің төменгі жағын суға кіргізіп, суда көпіршіктер пайда болу үшін аузыңыздан ауа шығарыңыз. Балаңызды сізге еліктеп, су астында көпіршіктер шығаруға шақырыңыз.

Мұны үйретудің тамаша тәсілі – жақын дүкеннен сабын көпіршіктерін сатып алу және балаға оларды қалай үрлеу керектігін көрсету.

Суда өзін-өзі ұстау – бұл балаңызға үйрететін екінші нәрсе. Бұл өте маңызды дағды, өйткені ол жүзу кезінде кездейсоқ тереңге сүңгіп кетсе, баланың су бетінде қалуына мүмкіндік береді. Алдымен балаға өз кереуетіңде жатқанын елестетіп көруін өтініңіз. Баланың басын ұстап, арқасымен жатқызыңыз. Бала суда жату сезіміне үйренген кезде, қолыңызды баяу алып тастаңыз, сонда ол өздігінен суда жата береді.

Әртүрлі бүлдіршіндерге арналған сан түрлі ескектер

Бәлкім, балаңыз баттерфляй немесе арқасымен жүзу техникасын игеруге әлі дайын емес шығар, бірақ сіз оған негізгі қозғалыстар мен қалыптарды үйрете отырып, болашаққа жақсы негіз қалыптастыра аласыз. Игеретін алғашқы нәрселердің бірі – аяқпен қатты соққы жасау. Баланы бассейннің бүйіріне абайлап бағыттаңыз. Сол бүйірден ұстап тұрсын, өзіңіз де ұстаңыз. Содан кейін суды аяғымен шалпылдатып, кім көбірек су шашыратады деген жарысты бастаңыз (кішкентайыңыз көңілді болу үшін оның жеңуіне мүмкіндік беріңіз). Бала ысылғанша осы ойынды мүмкіндігінше жиі қайталап, жаттығыңыз.

Құлаштап жүзу (фристайл деп те аталады) – жүзу стилін үйренудің ең оңай түрлерінің бірі. Балаңызға суда ішпен жатуды үйретіңіз. Қолын жел диірмені сияқты, аяқтарын қайшы сияқты қозғалтып, алға ұмтылуға тырыссын. Тыныс алуды ескіштермен үйлестіру өте қиын, сондықтан балаңыз ұзақ тәжірибеден кейін ғана жетістікке жетуі мүмкін.

Арқамен жүзу құлаштап жүзуге өте ұқсас, баланы арқасымен жатып есуді үйреткендей боласыз. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені балалар қайда жүзетіндерін білмейді, сондықтан бала ішпен жүзуді игермейінше жүзудің бұл түрінен бас тартқан дұрыс болады.

Брасс пен баттерфляй анағұрлым маңызды тәсілді және үйлескен қимылдарды талап етеді, сондықтан балаңыз суда өзін нағыз балық сияқты сезінгенде және қозғалыстарды үйлестірудің жоғары деңгейіне ие болғанда ғана осы жүзу түрлерін игергені жөн.

Жүзудің негізгі дағдылары кішкентайларға өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыруға және бассейндегі жүзу құралдарына тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Көптеген балалар өмірлерінде ерте ме, кеш пе су қоймасына барары сөзсіз. Жүзудің негізгі дағдыларын игеру балаға суда қауіпсіз болуға және тоғандар мен бассейндердің жанында өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

EmptyView