Дұрыс тамақтану және қажетті дәрумендер Дұрыс тамақтану және қажетті дәрумендер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Дұрыс тамақтану және қажетті дәрумендер

ТАМАҚТАНУ

Жүкті болғаннан кейін дұрыс тамақтануға шындап кірісу керек. Жүктілік кезінде ішетін тағам сізге де, балаға да әсер етеді. Алайда, «екі адам үшін тамақтанудың» қажеті жоқ, пайдалы қоректік заттар-мен байытылған тағамды таңдасаңыз жеткілікті.

Күндізгі рационның 50-60%-ы жануарлардан алынатын ақуыздар бо-луы керек (25-30% балық және ет, 20-25% — сүт өнімдері, 5%-жұмыртқа).

Диетадағы өзгерістерді қашан бастау керек?

Неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Денені жүктілікке дайындау бірнеше айға, тіпті, сау баланың туылу мүмкіндігін арттыру үшін одан да көп мерзімге созылуы мүмкін.

Көптеген әйелдер бала көтертпейтін дәрі-дәрмектерді ішуді тоқтату керек немесе сақтануды тоқтату керек. Мінсіз жоспар – жүкті болғанға дейін 3-6 ай бұрын дайындалу. Қазіргі уақытта фолий қышқылы мен басқа да қоректік заттардың жеткілікті деңгейіне ие болу үшін өмір салтына түзетулер енгізіп, организмді дайындау ке-рек.

Жүкті болу үшін көптеген теориялар мен ұсыныстар бар, бірақ көпте-ген зерттеулерге сәйкес ең көп тарағандары келесілер:

  • Дене салмағын қалыпқа келтіру.

  • Фолий қышқылының жеткілікті деңгейі бар дұрыс та-мақтануға көшіңіз.

  • Организмді қоректік заттардың жақсы деңгейі бар түрлі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

Түсінікті болу үшін жүкті әйелдерге 16 дайындық тармағын дайындап қойдық. Кейбіреулер үшін бұл нағыз сынақ болуы мүмкін, сондықтан аздан бастаңыз және кішкене қадамдармен адымдаңыз.

ДӘРУМЕНДЕР

Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, жүкті әйелдерге арналған дәру-мендер мен минералдардың тәуліктік мөлшері төменде берілген. Есіңізде болсын, көрсеткіштердің бәрі орташа есеппен алынға және өзіңіз дәрігерлердің кешенді тексеруінен өтуіңіз керек, сонымен қатар дәрумендер мен минералдардың тәуліктік мөлшерінің жеке тізімін алуыңыз керек.

Майда еритін дәрумендер:

А (ретинол) - 0,03-1 мг (4166-5000 ХБ)

Е (токоферол) – 12 – 15 мг

D – 12,5 мкг (500 ХБ)

Суда еритін дәрумендер:

С – 75-80 мг

В1 – 1,7-1,9 мг

В2 – 2-2,2 мг

В5 – 4-7 мг

В6 – 2-2,2 мг

В9 (фолий қышқылы) – 600 мкг

В12-4 мкг

Минералдар:

Калий – 5 г

Кальций – 1,5 г

Фосфор – 0,8-1,2 г

Магний – 400 мг

Темір – 20-25 мг

Фолий қышқылы (В9 дәрумені) жүкті әйел үшін негізгі дәрумен-дердің бірі болып саналады. Фолий қышқылының тапшылығы ерте босануға немесе ұрықтың дамымауына әкелуі мүмкін. Фолий қышқылы болашақ ана мен оның баласында болуы мүмкін анемия-ның алдын алады, терінің және шырышты қабаттардың қалыпты бо-луына әсер етеді. Сондықтан да жүкті әйелдердің рационында, әсіресе жүктіліктің бірінші жартысында, балық, ет, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері болуы керек. Фолий қышқылы термиялық өңдеу кезінде ыдырайды, ет өнімдері мен сүтте жақсы сақталады.

EmptyView