Ыңғайлы киім алу үшін шоппингке барғанға қалай қарайсыз? Ыңғайлы киім алу үшін шоппингке барғанға қалай қарайсыз?
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Ыңғайлы киім алу үшін шоппингке барғанға қалай қарайсыз?

Жүктілік кезінде әдемі болып, осы бір керемет кезеңнің барлық күнінен рақаттанғың келеді. Болашақ ана өзін жайлы сезінуі үшін оған дұрыс гардероб таңдауы керек. Жүкті әйелдерге арналған заманауи киім қалада ыңғайлы серуендеуге, салтанатты іс-шараларға және жұмыс күндеріне арналған. Джинсы, жемпір, көйлектер, блузкалар және гардеробтағы басқа да заттар болашақ ананың сымбатындағы өзгерістерді ескере отырып жасалады.

Жүктілік кезінде өзіңізге арналған заттарды сатып алғанда, мау-сымдықты ескеру қажет. Мысалы, егер жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрі жазда болса, онда сарафан, көйлек, лосины және қозғалуға кедергі жасамайтын, ішті қыспайтын және әдеттегі өмір салтынан бас тартпауға мүмкіндік беретін басқа да жеңіл киімдерді сатып алуыңыз керек. Алғашқы айларда әйелдер жүктілікті білмеуі мүмкін, өйткені организмде өзгерістердің белгілері бәрінде бірдей бола бермейді, ал іш әлі өспейді. Сымбат өзгермейінше, қарапайым киім киюге болады.

Бірақ өзіңізді жайлы және сенімді сезіну үшін бірінші триместрде ке-лесілерден аулақ жүруді ұсынамыз:

  • қанның қалыпты айналымына кедергі келтіретін өте тығыз киім;

  • синтетикалық матадан тігілген заттар;

  • киім ауа-райына сәйкес келмейді (тоңып қалмас үшін және суық тиюге жол бермес үшін әлдеқайда жылы киінген дұрыс).

EmptyView