Балаға аунап түсуді қалай үйретеміз?
Тәжірибе – сәби еденде, екпетінен және шалқайып жатқанда уақытқа шектеу қоймаңыз.
Ойыншықтармен қызықтырыңыз – жұмсақ әдемі ойыншықты сәбидің қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Содан бала аунап түсіп, ойыншықты алуға мәжбүр болады. Одан бөлек, қызығушылықты арттыру үшін сылдырмақтарды пайдаланып көріңіз.
Бірге ойнаңыздар – жерде отырып ән айтып беріңіз немесе сәбимен сөйлесіңіз. Бұл баланы сізге қарай аунап түсуіне ынталандырады.
Көмектесіңіз – егер бала толық аунап түсе алмаса, мықынынан ұстап, оған жайлап көмектесіңіз. Оны оңға және солға аунап түсуге үйретіңіз.
Киімін ауыстырған кезде сақ болыңыз: сәбидің қай уақытта аунай бастайтынын білмейсіз. Егер баланың киімін ауыстырып жатқан жеріңіз биік болса, дер кезінде әрекет ету үшін оны қолыңызбен міндетті түрде демеп тұрыңыз.