Екпетінен жатқызу Екпетінен жатқызу
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Екпетінен жатқызу

Екпетінен жату – көңілді, баланың танымына және дамуына өмірлік маңызы бар. Баланың бас, мойын, иық және арқа бұлшықеттерін нығайту үшін оның күнделікті күн тәртібіне екпетінен жатқызуды да қосып қоюға кеңес береміз. Осы бұлшықеттердің дамуы баланың аударылу мен еңбектеуді үйренуі үшін қажет, соның арқасында ол қоршаған ортаны зерттейді.

  • Бала сергек әрі көңілді болатын сәтті таңдаңыз (дұрысы – тамақ ішпей тұрып немесе, ең болмағанда, құсып жібермес үшін тамақтанып болған соң 30 минуттан кейін).

  • Баланы еденге төселген көрпенің үстіне екпетінен жатқызыңыз. Өзіңіз де баланың алдына екпетіңізден жатыңыз.

  • Онымен сөйлесіп, ән айтып беріңіз. Сізді көру үшін басын көтеруге түрткі болыңыз.

  • Егер бала ұзақ басын көтеріп ұстап тұра алмаса, көңіліңіз бұзылмасын. Қазірге сәтте сәбидің басы оның денесіндегі ең ауыр дене бөлігі болып табылады, ал сәби оны көтеру үшін зор күш салады.

  • Күніне үш рет бірнеше минуттан бастаңыз.

EmptyView