Тып-тыныш отырып, аяқ астынан байбалам салу және керісінше Тып-тыныш отырып, аяқ астынан байбалам салу және керісінше
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Тып-тыныш отырып, аяқ астынан байбалам салу және керісінше

Құттықтаймыз! Осы аптадан бастап балаңыз толық жетілді деп саналады. Қиын кезеңдер артта қалды. Енді бүлдіршініңіз кез келген уақытта жарық дүние есігін ашуы мүмкін, дайын жүруіңіз керек.

Үрей тудыратын және қорқынышты ойлар жиі мазалауы мүмкін, ал гормондар өршеленіп, көңіл-күйіңіз аяқ асты өзгереді. Мазасыздықты жеңуге тырысыңыз және емдеуші дәрігеріңізге сеніңіз.

Көбінесе, 38-ші аптада әйелдерде жаттығу толғақтары болып тұрады. Бұл кезде көптеген әйелдердің шырышты тығыны кетіп жатады, осыған байланысты босану сәті басталған сияқты әсер қалыптасады. Шын мәнінде, жатыр мойнын жауып тұрған тығын бала туылардан бір-екі апта бұрын шығуы мүмкін.

38-ші аптада ана қандай сезімде болады?

Сіз өзіңізді үлкенмін деп сезінесіз, киімімді қалай кеңейтсем екен деп ойлайсыз.

Ұйықтаған кезде ыңғайлы қалып табу өте қиын болады. Есіңізде болсын, тік жатып ұйықтау қауіпті болуы мүмкін, өйткені жатырдың салмағы негізгі қантамырлардың бірін (төменгі венаны) қысып қалуы мүмкін. Сондықтан сол жағыңызбен жатуды ұсынамыз.

Бұл кезде адам көп жүретін орындарға бармау керек, өзіңізді суық тию мен инфекциялардан қорғаңыз.

Тіпті, босанғанға дейін аяғыңыз ісінуі мүмкін. Уайымдамаңыз, аналардың көпшілігі жүктіліктен кейінгі алғашқы бір-екі айда артық сұйықтығын шығарады.

Омырауыңыз көбірек уыз шығаруы мүмкін, сондықтан арнайы заттар қолданамын деп қорықпай-ақ қойыңыз. Бұрын босанған аналарда бұл тіпті көп бөлінуі мүмкін.

38-ші аптада балада не болады?

  • Нәрестенің салмағы бұл кезде 3 кг сәл асады! Ол салмақ жинауды жалғастыра берсе, бойының өсуі баяулайды.

  • Нәрестенің қозғалысы баяулайды, өйткені орын азаяды, көбіне уақытын ұйықтап, демалып өткізеді. Егер кішкентайыңыздың тым тынышталып қалғанын сезсеңіз, бұл сізге ұнамаса, дәрігерге қаралыңыз.

Бұл аптада не істеу керек?

  • Жаңа туылған нәрестеге арналған автокресло сатып алыңыз. Мұндай заттарды қолдан сатып алмағаныңыз жөн, өйткені оның дұрыс жұмыс істейтініне толықтай сенімді болмайсыз.

  • Тәуліктің кез келген уақытында перзентханаға дейінгі бағытты ойластырып қойыңыз. Кептеліс болған жағдайда қалай айналып баруға болатынын ойланыңыз.

Сізге көмек бере алатын адамдардан қолдау көрсететін топ құрыңыз.

EmptyView