Денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер Денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер

Үшінші триместр – жауапты кезең, босануға дайындық жүріп жатыр. Сәби белсенді өсіп, барлығының назарын тек өзіне жинайды. Кішкентай сәбимен жақын тілдесу басталады және де болашақ ана бүкіл уақытын соған арнайды.

Жүктіліктің 30-шы аптасында болатын сезімдер

Бала басымен төмен түсіп алған, ал аяғымен сіздің қабырғаңыздың астына тіреліп тұр. Енді сәби сәтсіз теуіп қалса, кеуде қаңқаңыздың тұсы ауыратын болады. Сұйықтықтың жиі тұрып қалуы веналардың дүмпиіп кетуіне, балтыр мен саусақтардың ісініп кетуіне алып келеді. Денеңізде қажетсіз түктер пайда бола бастауы мүмкін – бұл гормондық фонның өзгеруінің салдары. Іш кебеді, қыжылдақ шығады, іш қатады. Іштің үлкендігінен ұйықтауға ыңғайлы позаны таңдап, ұйқыны қандыру мүмкін емес,¬ көңіл-күйің нашарлайды, ашуланшақтық, әлсіздік, алаңғасарлық пайда болады. Емшек ұштары қатайып, ұлғаяды, кеуде тола бастайды. Қатты күлген немесе түшкірген кезде зәр ұстамай қалуыңыз мүмкін. Зат алмасудың жоғарылағаны соншалықты, жай ғана жылы емес, салқын күннің өзі сізге ыстық болып көрінуі мүмкін. Тердің бөлінуі артады. Көбінесе 30-шы аптада әйелдер қаназдықтан азап шегеді, іш тұсында сопақша қызыл дақтар пайда болады.

Жүктіліктің 30-шы аптасындағы іш

Қазір қағанақ суының аздығын анықтауға болады, ол суды сіңіріп алу проблемаларына байланысты болуы мүмкін немесе әйел ағзасындағы бұзылысты көрсетуі мүмкін. Жатыр әрдайым алдағы босану процесіне дайындалады. Ауру сезімімен өтетін тұрақсыз жиырылу орын алып тұрады. Бұны жалған толғақ деп атайды және оның еш қаупі жоқ.

Жүктіліктің 30-шы аптасында тапсырылатын талдамалар

Барлық мамандарға (стоматолог, кардиолог, окулист, терапевт) қайта қаралып, флораға жағынды мен жұқпаларға талдауларды қайта тапсыру қажет. Сәби ерекше өзіне тән сипатта қимылдай бастайды және сәбидің қалай қозғалатынын тек анасы ғана біледі.

Жүктіліктің 30-шы аптасында жасалатын үшінші жоспарлы УДЗ

УДЗ нәтижелері бойынша дәрігер ұрықтың өмірге бейімділігін бағалап, туа біткен кемістіктерді анықтайды, бала жолдасы мен қағанақ суының түрін анықтайды, қанайналым жүйесін талдайды, ұрықтың қалай орналасқанын анықтайды.

Баланың дамуы

Май қабатының ұлғаюы жылу алмасу процесін іске қосады. Сәби емін-еркін аунай алмайды, қазір ол тек жатысын ғана өзгерте алады. Ұрықтың көздері ашылып, қалыптасты, ол енді сезеді және көреді. Шаштары өсті, енді ол нәрестеге ұқсап қалды. Сәби жұдырығын түйіп, өзінің бетін сипай алады, иығын көтереді, жұтады, қолына кіндігін ұстап алады. Ол өз әрекетін түсініп жасайды. Орталық жүйке жүйесі дамып жатыр. Ішкі ағзалардың жұмысы үшін эндокриндік жүйе жауап береді. Қазір баланың бүйрек бездері арнайы гормон шығарып жатыр, ол анасының сүт бездеріне сүт шығаруға көмектеседі. Сәбидің иммундық жүйесі жетіліп жатыр. Ол иммуноглобулинді анасының ағзасынан алады. Антиденелер жасалып жатыр, ол – бала өмірінің алғашқы апталарындағы қорғаушысы. Беті тегістеліп, томпиып шыға келді. Басты денесіне пропорциясы дұрыс бола бастады. Бала айналасында не болып жатқанын жақсы естиді. Өзіне таныс жүрек соғуы, қанның шуылыестіп жатып, сәби анасының даусын ерекше таниды. Жүйке жүйесі белсенді дамып жатыр, ми бетінде қатпарлар байқала бастады. Сәбидің салмағы – шамамен 1400 г, ал бойы – 37,5 см. Жүрегі бірқалыпты жұмыс істейді. Қыздарда іркіліп-іркіліп жылдам соғады, ал ұлдарда асықпай ырғақты соғады. Бауыр белсенді жұмыс істейді: ол сәби өмірінің алғашқы жылында жеткілікті темір жинауы қажет.

Жүктіліктің 30-шы аптасындағы ауырсынулар

Арқа мен бел жиі ауырады. Буындар мен байламдар жұмсарып қалды, ал ауырлық ортасы әлі де орнын өзгертіп жатыр. Теңгерімсіз тамақтану салдары ретінде іштің кебуі, газдардың пайда болуы байқалады. Жүкті әйелдің ағзасы қайта құрылып, жүріп жатқан өзгерістердің салдарынан жиі бас ауырады.

Жүктіліктің 30-шы аптасындағы тамақтану

Әсіресе күрделі көмірсулар мен ақуыздар маңызды. Пісірме мен тәттілерге шектеу қойыңыз, олар глюкоза деңгейін арттырады. Ашыған сүт өнімдері, сүт, ботқалар, жемістер, көкөністер – қазір қажеттісі осылар. Майсыз ет, теңіз өнімдері мен балық. Барлығын пісіру қажет, шала піскен тағамды жеуге болмайды. Су мен сүтті тек қайнатылған күйде ішу қажет, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет.

Жүктіліктің 30-шы аптасындағы салмақ

Жатыр, бала жолдасы мен ұрық өсіп жатыр. Орташа есеппен 7 – 16 кг аралығында қосылды. Міндетті түрде салмақ қосылады, ол кейін емізу үшін қажетті. Әйелдің салмағының артуы оның ағзасының ерекшеліктеріне байланысты.

EmptyView