Жүкті болатын кез келді! Жүкті болатын кез келді!
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүкті болатын кез келді!

Ерлі-зайыптылардың тек 25%-ы жыныстық өмірдің бірінші айында ғана қорғанбай бала көтере алады. Бақытты адамдар қатарына қалай қосылуға болады?

Жеке циклді анықтау үшін ұзақ уақыт бойы цикл мен овуляция күнтізбесін жүргізуді ұсынамыз.

Овуляция мерзімдерін білу жүктілік үшін де, қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін де қолданылады. Овуляцияны болжау нақты ғылым емес, өйткені ол орташа нәтижелерге негізделген. Сондықтан, овуля-ция сынақтарында әрдайым ешқандай кепілдік жоқ деген дисклеймер бар.

Әйелдер циклінің қай кезеңінде жүкті болған жақсы?

Овуляция уақытына жақын орын алған жыныстық қатынас (аналық жасушаның аналық безден босаған кезі) – ұрықтанудың сәтті болуы үшін ең жақсы уақыт.

Аналық жасуша әдетте, 12-ден 14 сағатқа дейін өмір сүреді, бірақ ішіңіздегі шәует жасушасы шәуеттің саулығына байланысты бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өмір сүре алады.

Жүкті болудың ең жақсы уақыты – овуляция. Овуляциядан бірнеше сағат бұрын және овуляция кезіндегі жыныстық қатынас сәтті ұрықтану үшін маңызды.

Егер жыныстық қатынас овуляциядан бір күн бұрын орын алса, ана-лық жасушаның жетілуіне дайын фаллопиялық түтіктерде шәует жа-сушасының көп мөлшерде болуы мүмкін.

Дұрыс жағдайда, ең белсенді шәует жасушасы жатыр мойнынан құрсаққа шамамен 2 минут ішінде өте алады, олардың мөлшері мен жүріп өтетін қашықтығын ескере отырып, олардың жылдамдығын елестетіп көріңізші.

Шәует жасушасының бір бөлігі ұзақ уақыт өмір сүретіндіктен, овуля-циядан 6 күн бұрын болған жыныстық қатынас жүктілікке әкелуі мүмкін.

Егер балалы болуды жоспарласаңыз, сіз үшін ең маңызды ақпарат –цикліңізді және сізде овуляция болатын кезді шамамен білген жақсы.

EmptyView